Желіде жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмыс орнында ішімдік ішіп, "Масленица" тойлаған видеосы тарады
Шығыс Қазақстан облысында жұмыс орнында ішімдік ішіп, масленица мейрамын тойлаған жедел жәрдем қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Желіде медицина қызметкерлерінің жедел жәрдем станциясының ішінде дастарқан жайып, мейрам тойлап отырған видеосы тарады. Видеодан белгісіз біреудің станцияға жедел жәрдем қызметкерлерін іздеп келгенін байқауға болады. Ер адам бір кабинетте тойлатып отырған дәрігерлердің үстінен түседі. Бөлмеге кіргенде дастарқан басында отырған 6 дәрігер үстелде тұрған ішімдікті жасырады. Шемонаиха аудандық ауруханасының мәліметінше, бұл оқиға 17 наурызда болған.
Бұған дейін шымкенттік 55 жастағы келіншек 12 айлық жүктілігіне дәрігерлердің сенбейтінін айтып көмек сұраған еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен