Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада екі ресейлікті ұрған күдіктілер ұсталды

Астанада екі ресейлікті ұрып-соғып, заттарын тонады деген күдікпен екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, оқиға Сауран көшесіндегі хостелде орын алған.

"Оқиға орнына келген полицейлер қонақтармен арадағы жанжал алкогольдік ішімдік ішу салдарынан болғанын анықтады. Бірге уақыт өткізгеннен кейін тұрғындар арасында төбелес шыққан. Оның ішінде екі Ресей азаматы да бар. Көрші елдіктерді ұрып-соғып, олардың ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткен", – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті баспасөз қызметі.


  • Оралда ресейліктер түнгі клуб маңында төбелес шығарды


Полицейлер Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанның екі тұрғынын анықтап ұстады. Олардың бірі бұрын бірнеше рет сотты болған.

Күдіктілерге қатысты "қарақшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай айғақтар тәркіленіп, қазіргі уақытта күдіктілер кінәсін мойындап, ҚІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау