Астанада бала күтуші мен оның көңілдесі баланы азаптап өлтірген
Астанада жас баланы қинап өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесіне сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық прокуратура өкілдері хабарлауынша, кінәлі адамдар балаға қарсы қатыгез қылмыс жасағаны үшін жазаланды.
"2022 жылы бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату салдарынан оның өліміне әкеп соқты", – делінген ведомство хабарламасында.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.
"Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты