Астанада автокөлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті
Астана қаласында руьльге ие бола алмаған көлік жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, жол апаты таңғы 08:31-де болған.
"29 қыркүйекте сағат 08.31-де "Mеrcedes-Benz" автокөлігі А. Байтұрсынұлы көшесімен Т. Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан "Mazda" көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан "Mazda" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушілер медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның анық-қанығы зерделеніп жатыр. Көз жұмғандар жоқ, ал жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі