Астанада аспанды түтін жапты - Қазгидромет құбылысты түсіндірді
Астана тұрғындары қаланы түтін шарпып, тұманданғанына шағымданды. Қазгидромет бұл құбылысты түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фотосурет: Астана – Что? Где? Когда Telegram-арнасынан
Қазгидрометтің мәліметінше, 26-28 сәуір аралығында Астанада жауын-шашынсыз, күндізгі температура фоны жоғары ауа райы басым болған.
"29 сәуірге қараған түні Солтүстік теңіздерден суық антициклон араласып, жылы ауа массаларының суық ауа массаларына ауысуы, түнгі уақыттағы тыныштық атмосфераның бұлыңғырлануына әкелді.
28 сәуір сағат 21:00-ден 29 сәуір сағат 21:00-ге дейін ауыспалы бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыс жел 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 18-20 жылу", – деді синоптиктер.
Метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың таралуына ықпал етеді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"