Астанада 6-қабаттың терезесінен дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды
Астанада тұрғын үйдің терезесінен дәрет сындырған ер адамға қатысты сот шешімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қалалық сотының мәліметінше, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында күдікті Ж-ға қатысты іс қаралған.
"Бұған дейін әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің баспалдақ алаңында қоғамдық тәртіптің бұзылғанын көрсететін бейнежазба тараған. 24 тамыз күні сағат 00:30 шамасында Ж тұрғын үйдің баспалдақ алаңында тұрып, кіреберістің терезесінен сыртқа дәрет сындырған. Осылайша, Ж ұсақ бұзақылық жасаған", – делінген сот хабарламасында.
Сот отырысында күдікті Ж өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Оның кінәсі іс материалдары мен видео арқылы дәлелденді.

Сот қаулысымен айыпталушы "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада ер адам тұрғын үйлердің бірінің 6-қабатының терезесінен дәрет сындырғаны туралы жазған едік.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар