Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана жарықсыз, сусыз қалып, көшеде көлік кептелісі пайда болды

Астана жарықсыз қалды. Соның салдарынан су өшіп, көлік кептелісі пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, "Астана-Энергия" 2 ЖЭО-да қысқа тұйықталу салдарынан генерацияның толық азаюы орын алған. Елордада жарықтың нақты қашан берілетіні әзірге белгісіз.

"2023 жылғы 29 қазанда сағат 21:58-де 110 кВ әуе желісінің қалалық сақинасының бойында апаттық өшіру орын алды, себебін анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ желіде ЖЭО-да жарылыс болды деген хабарламалар тарап жатыр.

Алайда энергетика министрлігі мұны жоққа шығарды. Бұл кадр әлеуметтік желіде 5 жыл бұрын жарияланған екен.

Астанада ЖЭО-2-нің 8 қосалқы станциясының 5-еуі іске қосылды. Дегенмен жарық сөнбесе де, сол жағалауда бірқатар үйде батарея суық, ыстық су жоқ. Сонымен қатар тұрғындар интернетпен де мәселер барын айтуда. 

Ал электр қуаты үзілген аумақтардағы жол қиылыстарын полиция қолмен реттейді. Бұған дейін электр қуатының жаппай үзілуіне байланысты қаладағы кейбір жолдарда бағдаршамдар жұмысын тоқтатқан болатын.

"Қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде электр қуатының үзілуіне байланысты барлық негізгі қиылыстарға жасақ қойылды, реттеулерді полиция қызметкерлері қолмен жүргізеді. Сонымен қатар кейбір қиылыстарда генераторлар орнатылды", - деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

Талқылау