Астана тұрғыны автобус ішінде қалтаға түскен ұрыны видеоға түсіріп алды
Видеодан жас жігіттің жолаушы қыздың қалтасынан әмиянын ұрламақ болған сәтін көруге болады.

Бұл оқиға Астанадағы 127-автобуста болған. Жас жігіт алдында тұрған қыздың қалтасынан әмиянын не телефонын алмақ болып бірнеше рет талпынады. Ол өзін телефонға түсіріп тұрғанын байқамайды. Өзі жайбарақат басқа жаққа қарап тұрып, қолын бойжеткеннің қалтасына салады. Алайда, қыз бұл жайлы біліп қала ма деген оймен батылы жетіп, ешнәрсе ала алмады. Соңында жолаушы қыз ұрының әрекетін байап қалып, оған ұрыса жөнеледі.
Ал, жігіт одан әлдене ұрламақ ойы жоқ екенін айтып ақталып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қызылордалық әйел 55 мың теңге үшін көше тазалап 4 баласын асырап отыр (фото)
Қытайлық блогер су қайнататын офис құрылғысына сорпа пісіріп тамақтанды (видео)
Аралас жекпе-жекте қарсыластар бір-бірін нокаут қылып құлатты (видео)