Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктерінде еуро 600 теңгеден асты
Фото: pixabay.com
21 сәуірде Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктерінде еуро бағамының өскені байқалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанада еуро 605 теңгеден сатылып, 595 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда да сату бағамы 605 теңге, ал сатып алу бағамы сәл жоғары – 598 теңге.
Үш күн бұрын елордада еуро орта есеппен 595 теңгеден сатылып, 588 теңгеден сатып алынған еді. Алматыда сол уақытта сату бағамы – 597 теңге, сатып алу – 592 теңге еді.
Осылайша, қысқа уақытта еуро бағамы айырбастау пунктерінде орта есеппен 8-10 теңгеге өсті. Ұлттық банктің 21 сәуірге бекіткен ресми бағамы 1 еуроға 593,5 теңге болды.
Қазақстанда ақша айырбастау пунктері үшін "ақ" долларлар мәселеге айналды
Олигархтар Қазақстанға миллиард доллардан артық қаражат қайтарған: Бұл ақша қайда жұмсалған
Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы күшейген тұста алтын бағасы рекордтық деңгейге жеткенін жаздық. Оның құны унциясы үшін 3200 доллар (1 654 080 теңге) болды. Апта ішінде спот алтынның бір унциясы 2 978,19 доллардан (4 сәуір) 3 220 долларға дейін қымбаттап, 8 пайыздан астам өсті. Соңғы 24 сағатта алтын шамамен 3,5%-ға қымбаттады.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сін жалға беріп, алаяқтардың құрбаны болды
