"Astana" командасының шабандозы Италия чемпионатында төртінші орын алды
"Astana Pro Team" шабандозы Мануэле Боаро Италия чемпионатының жекелей сайысында төртінші орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі агенттігі велокоманданың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Astana Pro Team" шабандозы 38,8 шақырым қашықтықты 47 минут 11,93 секундта жүріп өтті. Ол Италия чемпионы Филиппо Ганнеден 2 минут 12 секундқа қалып қойды.
"Бүгінгі жарысыма көңілім толады. Әрине, жүлделі орынға іліккім келді, сол мақсатқа ұмтылдым, бірақ төртінші орын да жаман нәтиже емес. Бүгін өзімді жақсы сезіндім. Сондықтан, топтық жарыста өзімді жақсы қырынан көрсетуге тырысамын. Бұл жарысқа мықтап кіріскендіктен, жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын", - деді Мануэле Боаро.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар