600 адам пойызбен эвакуацияланады: Астана-Көкшетау тас жолы жабылды
Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты жолда қалған 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шара ауа райының қолайсыздығына байланысты қолға алынған.
"Ауа райының қолайсыздығына және "Астана-Көкшетау" автожолының жабылуына байланысты көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары қабылданды. 2024 жылдың 12 қазанында Астана-Көкшетау-Астана бағыты бойынша жүретін пойыздарға қосымша 13 вагон қосылды. Бұл шаралар 600-ге жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"