Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында қатты желге байланысты рейстер тоқтатылып жатыр

Әуежайдың баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда қатты желге байланысты Астана әуежайында рейстер тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана ауежай 3

“Астана әуежайының аэродромында 19 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с жетті. Мұндай ауа райы жағдайлары ұшақтардың ұшуы мен қонуын қиындатады, сондықтан авиакомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр”, – делінген мәліметте.

Жоспарланған 72 рейстің жеті ұшып шығу және сегіз ұшып келу рейсі тоқтатылған. Сонымен қатар алты рейс ұшуға және 12 рейс келуге кейінге қалдырылғаны айтылады.



“Жолаушылар рейстері жайлы мәлімет және кестенің өзгерістері туралы соңғы ақпаратты алу үшін тиісті әуе компанияларға хабарласуы керек. Аэродромдағы қалың қарды күреу жалғасып жатыр. Жұмысқа 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Ұшулар туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан алуға болады”, – деп қосты баспасөз қызметі.

Бұған дейін ауа райына байланысты Ақтөбе әуежайы жабылғаны хабарланған.

Талқылау