Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында бораннан кейін 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды

Ақтөбе облысында қарлы бораннан кейін 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Асхат Шахаровтың Facebook-парақшасынан

Бораннан кейін 7 қаңтар күні Ақтөбе облысының бірнеше ауылында, қаланың бірнеше шағын ауданында жарық болмады.

"Қалада электр қуатын қалпына келтіру үшін 15 бригада тартылды. Барлық қажетті құрал-жабдықтар мен көліктер бар. Жарықсыз қалған кейбір ауылдарда да жұмыс жүріп жатыр. 20 жедел топ пен 70-ке жуық техника жұмылдырылды", – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.



Әкім төтенше жағдай жеке бақылауында екенін айтты. Осыдан кейін екі ауданды төтенше жағдай жарияланды. 

"Жауапты мекемелерге тұрғындарды электр қуатымен тез арада қалпына келтіру және қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Қосымша ақпаратты тиісті басқармалар мен мекемелер береді", – деді Асхат Шахаров.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында қарлы боранда тұрып қалғандарға нан 1300 теңгеден сатылғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау