Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana Астана әуежайын Fly Arystan ұшағын зақымдады деп айыптады

Air Astana әуе компаниясы Астана халықаралық әуежайын FlyArystan ұшағын зақымдады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: flyarystan.com

Оқиға 2024 жылдың 5 тамызында болған.

“Air Astana әуе компаниясы Астана әуежайының операторын FlyArystan "еншілес" компаниясының ұшағын зақымдады деп айыптады. Әуежай баспалдақтарын дұрыс ұстамау салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған. Есіктің зақымдануынан ұшақ бірнеше күн бойы әуежайда бос тұрған. Қымбат жөндеу жұмыстарынан басқа, әуе кемесінің мәжбүрлі түрде тоқтап қалуы әуе компаниясының кестесіне әсер етті. Оның ішінде каскадты кешігулер мен рейстің ықтимал тоқтатылу мәселелері болды”, – делінген хабарламада. 



Air Astana әуе компаниясы жазғы маусымда Астана әуежайында осындай оқиға орын алғаны үшін кешірім сұрады. Күтпеген жерден кешігулер болып жатқанынан өкініштерін білдірді. 

“Air Astana әуе компаниясы Астана халықаралық әуежайын рейстердің уақытында орындалуына кері әсер ететін факторларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауға шақырады”, – делінген хабарламада. 

Бұған дейін SCAT әуекомпаниясы Астана әуежайында компанияның бір ұшағының зақымдануына байланысты ұшу кестесін өзгертуге мәжбүр болған.

Айта кетейік, бұған дейін Көзі қызарып тұрғаны үшін "Air Astana" бортына кіргізілмеген қызға айыппұл салынған еді. Әуе компаниясы жолаушыны мас болуына байланысты бортқа кіргізуден бас тартқанын мәлімдеген. 

Талқылау