Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таңқалдырды (видео)
Талай тойдың көркіне айналған “Мәрия” әнінің орындушысы Асхат Тарғынов қазақ қыздарына арналған жаңа бейнебаянын ұсынды.

Фото: kzsounds.kz
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Отбасылық өмірінде жолы болмаған әншіні барлығы да тойшыл деп біледі. Өйткені әндерінің көп бөлігі той-думанға арналып жазылып, ырғақты келеді. Барлығы көңіл-көтеріп, би билеуге арналғандай.
Асхат Тарғыновтың кезекті туындысы бұрынғысынан өзгерек болды. Өйткені бұл жолы әншінің таңдауы лирикалық әнге түскен. Бейнебаян түсірілген ән “Қарындас” деп аталады. Сөзін Ринат Зайытов, ал әнін Есен Жүсіпов жазған.
Бейнебаянды көріп, әнді тыңдап үлгергендер оң бағасын беріп, жұмыстың сапалы жасалғанын тілге тиек етті. Тыңдармандардың көбісі той әншісінің баяу ырғақты ән таңдағанына қатты таңқалған. Десе де тыңдармандар дәл осындай әндердің әншіге жарасатынын айтып жатыр.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.