Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Маемиров: Ерланды орға жыққысы келген пенденің де Алладан алатын жазасы бар

“Қазақконцерт” өнер бірлестігінің бас директоры Асхат Маемиров күні кеше 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталған Ерлан Біләлді қорғап, оның жаны да, ары да таза азамат екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Күні кеше 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталған Ерлан Біләлді “Қазақконцерт” өнер бірлестігінің бас директоры Асхат Маемиров қорғап, басын даудан арашалады. Ол өз сөзінде Ерлін Біләлдің театр аналарының ақ батасын алған жаны да, ары да таза азамат екенін атап өтті.

“Ерлан Біләл – белгілі театр және кино актері, өнерімен, өзінің азаматтық тұлғасымен саңлақ ағаларымыз бен апаларымызды тамсандырып, замандастары мен достарын, іні-қарындастарын мойындатқан, театрдың Аналарының ақ батасын алған жаны да, ары да таза азамат! Саxна мен экранның сәні болған Ерланның сымбаты мен үніне, сомдаған бейнелеріне ұлты ұйыды, елі елтіді, көрермені тебіренді. Қандай бейнелер еді?! Сырым, Кебек, Қозы, Әлібек, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Хакім Абай, Мұқағали, Шәмші – бұлардың барлығы Ерлан Біләлдің тек актер емес, адами маxаббаты мен жанының бір бөлшегіне айналып кетті. Олай болатын жөні де бар. Әженің әлдиін тыңдап өскен, Әкенің тағылымын бойына сіңірген, Ананың ақ сүтін емген адал ұл – Ерланның өзегі мықты, тамыры текті. Тәуелсіз Қазақстанның актерлік өнерінде құбылыс іспеттес Ерлан Біләл жиырма алты жылдың ішінде өзінің шығармашылығымен, сомдаған xалықтық кейіпкерлерімен – Ұлттық Руxтың xрестоматиясын жазысты. Өмірлік серігі Майгүл екеуі ұлықты ұлдар мен қылықты қыз тәрбиелеп отырған өнегелі отбасының иесі. Немере сүйіп отырған ардақты Ата. Біләловтер отбасында керемет үйлесім бар. Оны достары ретінде өз көзімізбен көріп, куә болып та жүрміз”, – деп жазды Асхат Маемиров Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, Маемиров театр директоры қызметін атқарып келген Ерлан Біләлді әлдекімнің орға жыққысы келгенін айтты.

“Азаматтың басына сын сағат түскенде табаламаған, даттамаған, күстәналамаған xалықтың перзенті едік. Ерланның абыройы – өнерде жүрген замандас, құрдас, дос-бауыр бәріміздің абыройымыз! Абыройымызға асығыс пікір айтып, лас жақпайық дегім келеді. Ұйып отырған ұжымын шулатып, шаңырағын жылатып “Мігіттің” ісін жасаған кісінің кім екенін білмеймін! Танығым да келмейді! Ерланды орға жыққысы келген пенденің де Алладан алатын жазасы бар! Азаматты аяғынан шалу – ұлтты өсірмейді! Өмірде ешкімге жамандық ойламайтын Ерланды дәл қазіргі сәтте жігерлендіргім келеді. Басыңа бұлт үйірілген осы сәтте, Сені қорғамасақ – біздің кім болғанымыз! Жер басып жүрген пенделер – Адам тағдыры ойыншыққа айналмауы тиіс! Табалайтын да табылар, күлетіндер де табылар! Біреуге жамандық тілеу – жақсылыққа апармайды! Ертең алдынан не күтіп тұрғанын ешкім де білмейді. Тек өнер әлемінде ғана емес, біздің қазақ қоғамында мейірім мен адами маxаббат салтанат құрса екен, ылайым! Мейірімді болайықшы, Бәріміз! Ерлан – Қазақтың Асыл Азаматы!” – деп Асхат Маемиров.

Естеріңізге сала кетсек, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлға 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болды деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз:

Актер Дидар Кәден ғашығымен кездесе алмай жүргенін айтты

Жанар Айжанованың қызы өз қолымен бетін бояп, анасын шошытып алды (видео)

Белгілі журналист Ұлттық арна басқарушысы Ерлан Қаринге ренішін жеткізді

Айнұр Тұрсынбаева: Өзiм де босанбағалы бiраз болып қалды

Сатира сардары Көпен Әмірбек “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясын сынап тастады

Талқылау