Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқуын келесі жылы жалғастырады: Әскерге күштеп әкетілген Назарбаев университетінің студенті ант қабылдады

Оқуын келесі жылы жалғастырады: Әскерге күштеп әкетілген Назарбаев университетінің студенті ант қабылдадыФото: qaz365.kz

Әскерге күштеп әкетілген Назарбаев университеті студентінің тағдыры белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Талапкердің әпкесінің айтуынша, қорғаныс министрлігі барлық өтініштер мен арыздарға қарамастан, жігітті әскерден босатпаған. 

“Інім ант қабылдап, қазір әскер қатарында қызмет атқаруда. Назарбаев Университеті оған академиялық демалыс берді, сондықтан ол оқуын келесі жылы жалғастырады. Университеттің түсіністік танытып, барлық кезеңде қолдау көрсеткеніне ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын", – деп жазды жігіттің туысы. 


Назарбаев университетіне қабылданған студентті әскерге күштеп әкетуге қатысты тергеу басталды


Еске салсақ, 2025 жылдың маусым айында Алматы облысы Абай ауылында әскери комиссариат қызметкерлері полициямен бірлесіп, Назарбаев университетіне оқуға түскен жігітті күштеп әскерге әкеткені туралы жазған едік. Жігіттің туыстары ұлдарының студент екенін айтып, наразылық білдірді. Қорғаныс министрлігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, қызметкерлердің талапкерді күштеп алып кетуін конституцияға және заңнамаларға сәйкес деп мәлімдеді. Ал Назарбаев университеттің баспасөз қызметі студенттің гранты сақталатынын мәлімдеді.

Дана Русланқызы
Жұма, 08 Тамыз, 2025 19:41
Талқылау
`