Асқар Мамин Атыраудағы "Астрахан" тас жолын көлікпен емес, тікұшақпен тексеруді жөн көрген
21 қазан күні ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысына барған. Министр онда Ақтөбе – Атырау – Астрахан тас жолын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерген. Алайда Мамин автокөліктің орнына тікұшақты қолайлы көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, Атырауда премьер-министрді көліктер кортежі күтіп алмаған. Ұшақ Атырау халықаралық әуежайына қонғаннан кейін ол бірден тікұшақпен тексеру орнына ұшып кеткен. Ал оған дейін Ақтөбе облысында болған.
- Көрші елдерде індет қайта өршуде: Премьер-министр әкімдерге тапсырма берді
- Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед үкіметтің отставкаға кетуін талап етті
Басылым сонымен қатар, премьер-министрдің баспасөз қызметінің қызметкері Темірлан Жабаев тексеру жұмыстарының нәтижесін айтуға құлықсыз болғанын айтады.
Бұған дейін хабарланғандай, Асқар Мамин 14 қазанда Атырауға келіп, қала ішінде салынған бірқатар жаңа нысандармен танысуы тиіс болған. Жергілікті компаниялар тексеруге мұқият дайындалғанымен, премьер-министрдің жоспары аяқ асты өзгерген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"