AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көрші елдерде індет қайта өршуде: Премьер-министр әкімдерге тапсырма берді

Премьер-министр Асқар Мамин көрші елдерде эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мамин

"Жалпы эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дегенмен көрші елдерде жағдайдың қиындағанын көріп отырмыз. Сондықтан өңірлердің, әсіресе шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін, науқастану деңгейіне нақты мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдап отыру қажет. Мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру керек. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін", - деді Мамин үкімет отырысында.


Алексей Цой коронавирус бойынша үш айға жаңа болжам жариялады


Қазір республикада 8,2 миллион адам бірінші компонент, 7,3 миллион адам екінші компонент алды. Премьер вакцина егу қарқынын ұлғайту қажет екенін айтты.

Ол Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне вакциналау мәселесін жеке бақылауға алып, оның қажетті деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау, ақпарат министрліктеріне халық арасында вакциналау мен ревакцинациялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізу міндетін жүктеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр