AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Цой коронавирус бойынша үш айға жаңа болжам жариялады

Денсаулық сақтау министрлігі алдағы үш айдың эпидемиологиялық жағдайына арналған болжам жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қараша айында тәулігіне орташа есеппен коронавирус жұқтырған 1800 адам, желтоқсанда – 2350, ал қаңтарда 3000 адам тіркеледі.

Реалистік сценарий кезінде қарашада тәулігіне – 1650, желтоқсанда 1600, қаңтарда 1500 адам індетке шалдығады деген болжам бар.

Оптимистік сценарий орын алса, қарашада тәулігіне – 1500, желтоқсанда – 1100, қаңтарда 650 жағдай тіркеледі.

"Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асырып, мониторинг жүргізуде", - деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, соңғы 2 айда елімізде коронавируспен ауырғандар 4,5 есе төмендесе, өлім-жітім 4,8 есе азайған. Сондай-ақ, елімізде уақытша ашылған 103 инфекциялық нысан жабылды. 

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша бірнеше айдан бері "қызыл" аймақта тұрған Алматы мен Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа, Алматы облысы бірден "жасыл" аймаққа өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр