Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашық образда бірге суретке түскен AZ мен Зируза сынға ілікті

Әнші Зируза мен AZ-дің бірге түскен ашық образдары көпшіліктің көзіне түсті. Қос әншіні қол ұстасты деп болжаған жұрт олардың сырт келбетіне сын айтты. 

Азамат Зенкаев пен Зируза соңғы күндері бірге бой көрсетіп жүр. Олар көпшілікке бірге ән жазып жатқанын айтқан еді. Көпшілік оларды қол ұстасты деп болжады. Алайда екі әнші де бұл ақпаратты терістеді. 

Ал екі әншінің ашық образдары көпшіліктің күдігін одан әрі үдете түсті. Енді бірі сын айта бастады. 

“Жаман ойлар мазалайды мені болып тұр ғой. Негізі Зирузамен жарасасыңдар Еркеден қарағанда”, “Сіздер кездесіп жүрсіздер ме?”, “Мынадай достық қатынас болмайды ғой енді”, “Жай ғана дос шығар”, “Ерке мен тез айырылысып кеткенін айтам да”, “Бұларда бәрі тез ғой, бүгін біреумен, ертең басқамен жүреді”, “Жақсы жарасып тұр”, “Әншілер бас қосып опа таппайды”, “Хайп қуғандар”, “Бізге не керегі бар?”, “Мынадай фотоларың артық енді”, “Кімге не көрсеткісі келеді?”, “Бірге бейнебаян түсірген ғой, соның жарнамасы”, – деп жазды олар. 

Рэпер Азамат Зенкаев бұған дейін Ерке Есмаханға ғашық екенін мойындап, көпті елеңдетіп қойды. 2021 жылдың соңында қос әнші жолдары екіге бөлінгенін және енді бірге емес екенін мәлімдеді. Ал Зирузамен кездесіп жүр деген ақпаратты жоққа шығарды


 

Талқылау