AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов жаңа лауазымға тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Аймағамбетовті оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аймағамбетов

"Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылсын", – делінген құжатта. 

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін "тарихшы, тарих мұғалімі" біліктілігі бойынша тәмамдаған.


 


2006 жылы – Қарағанды "Болашақ" актуалды білім беру институтының заң факультетін "құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004–2005 жылдары "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары "МЕДИА СП" ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. Министр болып тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып істеген. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және Ғылым министрлігін екіге бөлу туралы жарлыққа қол қойған еді. 

Талқылау
Пікір
Сардар
12 Мау, 22 жыл - 00:24

Орамал тагуга болат дегесин дәрежесін көтерген гой

Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр