Аша Матай “Қалаулымның” мерекелік күнгі эфирінде ұятқа қалды (видео)
Аша Матай атышулы “Қалаулым” бағдарламасының мерекелік күнгі эфирінде ұятқа қалды. Ол Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларға тағзым жасау үшін бағдарламаны бір минут үнсіздіктен бастамақ болғанда сөзден жаңылысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Әуелі бағдарламамызды барша осы соғысқа қатысып, қанымен, терімен, осы бейбітшілікті бізге жаулап алған бабаларымыздың рухына тағзым ретінде бір минут үнсіздіктен бастасақ”, – деген Ашаның әрекеті желіде қызу талқыға түсті.
Желі қолданушылары тележүргізуші мен бағдарлама редакторларын “сауатсыз” деп айыптауда.
“Қанша сұлу болса да, сауаты жоқ екені көрініп тұр”, “Екі сөздің басын құрай алмаса, несіне жүргізуші болып отыр”, – деп сынады желідегілер.




Тағы оқыңыз:
Голливуд жұлдызындай: Қазақ актрисасы Канн кинофестивалінде әлем халықтарының назарын аударды (фото)
Ауырып, төсектен тұра алмай қалған Ерке Есмахан жанкүйерлерін алаңдатып қойды
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?