Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауырып, төсектен тұра алмай қалған Ерке Есмахан жанкүйерлерін алаңдатып қойды

Ерке Есмахан сәтсіздікке жиі ұшырайтындардың сырын ашты. Әншінің айтуынша, басынан өткен жайттарға әр адам өзі жауапты. Бұл орайда Ерке табысты болу үшін не істеу керектігін айтып, желідегі оқырмандарына кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ерке есмахан

“Соңғы кезде ойың мен сөзің өзгерсе, айналаң да өзгереді деген қағида алдымнан жиі шығатын боп жүр. Оған толық көз жеткіздім де…
Өмірде жолы болғыш адамдарды да, өмірге көңілі толмай жүретін ашулы адамдарды да кездестіріп жүрмін. Жолы болғыш ақжолтайлар ешқашан ешкімге ренжімейді, барлық ситуацияны күліп қарсы алады екен. Ал үнемі сәтсіздікке ұшырап, біресе ақшасы болмай, біресе, жұмысы жүрмей, маxаббатта жолы болмай күйзеліп жүретіндер не болса соған ашуланып, болмашы нәрсеге ренжіп жүретін кісілер.
Сонда түйін: адам бақытына өзі себепші, сәтсіздіктеріне де өзі кінәлі! Өкінбей, ренжімей, әр нәрсеге бұртиып шағым айтпай, анау жоқ, мынау жоқ дей бермей, өмір сүріп көріңізші, бәрі өзгереді! Өзгеру, өмірді өзгерту ешқашан кеш емес!” – дейді Ерке.

Бұл орайда Есмахан бейбіт күнді сыйлаған соғыс ардагерлерін Ұлы жеңіс күнімен құттықтап, оларға деген ризашылығын жеткізді.

“Біздің осы бейбіт күніміз үшін қан төккен ата-әжелерімізге мың тағзым! Жеңіс туы астында, мына бейбіт заманымызда тек бақытты өмір сүруге қақымыз бар! Жеңіс күні құтты болсын!” – деді ол.

Бұдан өзге, Ерке ауырып, төсектен тұра алмай қалғанын айтып, жанкүйерлерін алаңдатып қойды.
“Ал мен бүгін ауырып, төсектен тұра алмай қалдым. Денсаулықтың бағасын, өмірдің қадірін соңғы бір тәулік қатты ұғындырды. Бірақ ауырдым деп шағымданып, күйзеліске түспеймін! Шүкір, менде бәрі супер! Ерке сен мықтысың ғой жаным, ауырма!” – дейді әнші.

Желі оқырмандары Еркеге денсаулық тіледі.

Тағы оқыңыз:

Танымал актер Рахман Омар ұлды болды

Соғыс ардагерлерін Ұлы жеңіс күнімен құттықтаған Қайрат Нұртастың балалары жұртты сүйсіндірді (фото, видео)

Бәрі де әділетсіз: Асанәлі Әшімовтың жары күйеуіне жантебірентер жазба қалдырды

Жүректі қозғады: КешYou-дің экс-әншісімен клип түсірген Керменбаев актерлік шеберлігімен таңғалдырды (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр