Аша Матай «Қалаулымның» екінші маусымы түсірілетінін мәлімдеді
Аша Матай “Қалаулым” бағдарламасына қарсы шыққан әріптестеріне қатысты пікір білдірді. Ол жобаның жабылуын талап еткен Сәкен Майғазиевті ерекше құрметтейтінін атап өтіп, оның сөзіне қарсы келе алмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, өзге әріптестеріне де қарым-қатынасының жақсы екенін айтты.
Аша Матай “Гәкку FM” радиосының “Если честно” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Сәкен ағаны өте құрметтеймін. Өдеріңіз де білесізде, ол кісі біздің қызымыздың тұсауын кесті. Арман екеуміз де ол кісінің шығармашылығын жақсы көреміз, адам ретінде де өзін құрметтейміз. Ол маған емес, бағдарламаға қарсы. Ол кісінің пікіріне қарсы шығуға құқығым жоқ. Біздің редакторлар ол кісіні бірнеше рет бағдарламаға шақырды. Сол кезде мен шет қалып, бұл іске араласпайтынымды айттым. Үлкенге деген құрметі ұстанамын, сондықтан шет қалдым”, – деп түсіндірді Аша.
Бұл орайда тележүргізуші “Қалаулым” бағдарламасының жабылмайтынын мәлімдеді. Тіпті, екінші маусымның түсірілетінін айтып, айды аспанға бір-ақ шығарды.
«Жабылады деген жалған әңгіме. «Нұр Отан» партиясы жанынан құралған «Мирас» республикалық кеңесі ұсыныс ретінде тастады. Бірақ ол қабылданған жоқ. Сол құжатқа сәйкес Айнұр Тұрсынбаева бағдарламаның жабылатынын айтып, жұрттан сүйінші сұрады. Елдің бәрі сол жазбаны көшіріп жатты. Жалпы ол кісіге де, басқа әріптестеріме де еш қарсылығым жоқ. Бірақ жоба жалғасын табады. Тіпті, екінші маусым түсіріледі. Мамыр айына дейін эфирдеміз. Одан кейін демалысқа шығып, келген соң жаңа маусымды бастаймыз», – дейді Аша.
Оқи отырыңыз:
Ұят санамаймын: Аша Матай ашық-шашық бейнебаяндарын түсіндірді (видео)
Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)
Жұлдыз Әбдікәрімова: Мен әнші болып кеткен жоқпын, болмаймын да
Қайрат Нұртас: Жұлдыздың тәрбиесінің арқасында балаларым қас-қабағымнан қорқады