Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова: Мен әнші болып кеткен жоқпын, болмаймын да

“Арман” кинокартинасынан кейін күйеуімен бірге дуэт айтып, гастрөлдік сапарларға шыға бастаған Жұлдыз Әбдікәрімова әншілікке бет бұра ма? Бұл сауал жұлдызды жанұяға жиі жолданады. Тіпті, алғашқыда Жұлдызды көруге асыққан көрермен бүгінде оны ән салғаны үшін сынай бастаған.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Бұл орайда көптің көкейіндегі сауалға Жұлдыз Әбдікәрімова “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жұлдыздың айтуынша, оның Қайратпен бірге шырқаған дуэті халықтың сұранысынан туындаған.

“Кинодан кейін халықтың көбі сұрапты, жары бірге келсе екен деп… Сол кезде енем қосылып барасың деп айтқаннан кейін келістім. Оның өзі мен үшін қуанышты жағдай.

Жұрттар дуэт болып, әнші болып кетеді деп қателесіп жатыр. Жоқ, әнші болу менің мақсатым емес. Менің мақсатым – өз мамандығымды ұстану, актриса болу. Ал әнді бәрі айтады. Көңілі ән салса, бәрі де айтады. Көп адамдарды дұрыс түсінуге шақырамын. Қыстырылма әңгімелер көп болып жатыр. Мен әнші болып кеткен жоқпын, болмаймын да…”, – дейді Қайраттың келіншегі

Тағы оқыңыз: 

Баян Алагөзова: Маған «Баян, жасыңа сай болмайсың ба, ырбыңдамай» деп жазуды доғарыңыздар

Асхат Садырбай: Әлемдегі ең әдемі қыздар – қазақ қыздары, оны бәрі мойындап қойған

Сот төрағасына ескерту: Алагөзова сот жүйесі туралы бар шындықты жайып салатынын айтып қорқытты

Мәдина Сәдуақасова Ақтөбедегі лифтіде көз жұмған тележүргізушіні еске алды

Талқылау