Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет қаулысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университетте магистратураны бітірген.
- 2001-2003 жылдары — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.
- 2003-2007 жылдары ҚР қаржы министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
- 2007-2008 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.
- 2008-2016 жылдары — "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
- 2016-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
- 2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр