Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші жігітін көпшілікке таныстырды
Өнерден алыстап, психлогияға бет бұрған Әсел Сәдуақасова көпшіліктен жасырған құпиясымен бөлісіп, сүйіктісін көрсетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/asselsadvakassova
Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында өзінен жеті жас кіші жігітінің суреттерін жариялады.
“Жаны егіз адамдар кездесті. Танысып қойыңыздар, менің сүйіктім – Мағжан. Мен оның жанында әйел боп құлпырдым, оның қасында болсам, жаным жай табады, ешқандай жайсыздық жоқ, тек күліп қойып, бір-бірімізге сыр ақтарамыз. Ол мені қамқорлық пен махаббатқа бөледі. Рахмет саған, сүйіктім. Мен сондай бақыттымын. Мендегі бақыт пен махаббатты бүкіл әлемге сыйлағым келеді”, – деп сезімін білдірді Әсел Сәдуақасова.

Бұған дейін Әсел Сәдуақасованың өзінен жеті жас кіші Мағжан Тілеухан есімді жігітпен көңіл қосқаны туралы жазған болатынбыз.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"