Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Сәдуақасова өз тағдыры туралы фильм түсірмек

Актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова жанкүйерлерін жағымды жаңалығымен қуантты. Ол алдағы қыста комедия жанрында жаңа фильм таспалайтынын айтты. Кинокартина сыныптастар жайында болмақ, деп хабарлайды Stan.kz.

Коллаж: Stan.kz

“Мектеп бітірген жылы сыныптастармен түскен осындай сурет барлықтарыңызда бар деп ойлаймын. Ал бұл менің суретім. Мұны неге айтып отыр дерсіздер? 2018 жылдың қаңтар айында жаңа “Класстастар” атты жобаны бастамақпын. Комедия жанрындағы бұл туынды 15 жылдан кейін кездескен мектеп түлектері туралы болмақ. Фильмнің актерлік құрамы нағыз бомба. Режиссер, оператор, сценарий авторы, қоюшы суретші мен продюсерден тұратын түсірілім тобы тек білікті мамандардан құралған. Қысқасы жаңалықтарды қарап отырыңыздар, жақында бәрін бүге-шүгесіне дейін айтатын боламын”, – дейді Әсел.

Айта кететін жайт, Әселдің фильмдері көбінесе өз тағдырынан алынады. Мәселен, “Замуж в 30” комедиясы әлі тұрмыс құрмаған Сәдуақасованың тағдырын баяндайтындай. Бұл жолы да солай. Себебі келер жылы Әселдің де мектеп бітіргеніне 15 жыл толады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Билеуге болмайды: Ернар Айдар жол апатынан кейін денсаулығына келген зақым туралы айтты

Желіде Джеки Чанның Ерлан Қаринге шай құйып отырған видеосы жарияланды

45 жасында тұрмысқа шыққан Гаухар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді

Жұлдыз Әбдікәрімова желіде сын жазғандарға ұрсып тастады

Талқылау