Әсел Айтпаеваның ісі: Полиция марқұмның туысын ұстады
Полиция Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
- "Әселдің тұрмысқа шығатын ойы болған жоқ, адвокаттың сөзі жалған": Грузияда қаза болған қыздың әкесі мәлімдеме жасады
- Грузияда қаза болған қазақстандық қыздың өліміне күдікті азаматтың суреті жария болды
Еске салайық, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті. Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады.
Қылмысқа күдікті Бесик Тордуа ұсталды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Анасы қыздың денесін Грузиядан Қазақстанға алып келді. Сондай-ақ ол қызын шетелде жұмыс істеуге шақырған туысын қамауға алуды сұрады
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты