Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Асқар бұрынғы күйеуімен қосылды ма? Актрисаның өзі жауап берді

Актриса Әсел Асқар желідегі жазылушыларымен ашық сөйлескенді ұнатады. Оқырмандары одан жеке өмірі туралы жиі сұрайды. Жанкүйерлердің сұрақтарына жауап бере отырып, актриса бұрынғы сүйіктісімен дүкен аралағанын, сонымен қатар екі баланы әкесіз қалай тәрбиелейтінін айтты. 

Бұған дейін оқырмандары Әселді бұрынғы күйеуіне қайтып келді деп күдіктенген. Ал актриса жай ғана бұрынғы күйеуі Айбекпен дүкенге барғанын айтып ақталды.

"Біз екеуміз жау болатындай көрмей кеткен жоқпыз. Біз шынында да дүкен араладық. Екеуміздің ортақ баламыз менің құрсағымда. Мен ауыр сөмкелерді әкесінің көмек ретінде көтеріп жүргенінен еш ағаттық көрмеймін", – деді ол.

Ол, сондай -ақ, егер қажет болса, Айбекке кез келген уақытта қоңырау шала алатынын айтты. Әсел мұны сау қарым-қатынас деп атады.

Актриса екі баланы күйеусіз тәрбиелеу тақырыбына да тоқталды. Ол өзінің үлкен ұлын жақсы тәрбиелегенін атап өтті.

"Мен бәрін жеңе алатын сияқтымын. Екінші баламда бұл әлдеқайда жеңіл болады. Оның үстіне менің анам бар. Ол екінші немересін қуанышпен күтіп жүр. Тіпті мен оған қызғанышпен қараймын. Біріншіден, мен өзім үшін босанбаймын. Қазір сондай нәрсе сән болып кетті ғой. Мен некеде жүріп жүкті болдым. Драматизация жасамаңыздар", – деді актриса.

Айта кетейік, Әсел Асқар жақында екінші күйеуімен ажырасып, жүкті екенін білді. Ол жолдасымен екі жаққа кетуіне қайын атасы мен қайын сіңлісі себеп болғанын айтқан еді.


Талқылау