Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Асқар екінші сәбиіне бірінші күйеуінің тегін бермек

Әсел Асқар құрсақтағы екінші сәбиіне бірінші күйеуінің тегін беруі мүмкін, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы ол оқырмандарына берген жауабында айтты.

“Балаңыздың Айбекпен (әкесі) араласып тұруына рұқсат бересіз бе?", – деген сауалға блогер бикеш: 

"Әзірге білмеймін. Қазір гормондарым бір қалыпта емес. Маған ешкім тиіспейтін алыс жаққа ұшып кеткім келеді. Босанғаннан кейін басылуы да мүмкін. Сол кезде бәрі реттелер", – деп жауап берді.

Сондай-ақ Әсел екінші күйеуінен туған сәбиге бірінші күйеуінің тегін беруі мүмкін екенін айтты. Оған себеп: 

"Бұл бір ирониялық жағдай болып тұр. Күлмеу мүмкін емес. Менің тегім – Асқар, бұрынғы қайын атамның есімі (бірінші некеден сыйлық болып қалды). Ол кісімен жылы қарым-қатынаста болдым. Айтпақшы, мен сол кісіге ұқсаймын. Көк көзді, ашық реңді, мейірімді аға. 

Ажырасқаннан кейін тегімді өзгертпедім. Лақап ат ретінде қалдырдым. Құжаттарды ауыстыруға еріндім". 


"Өзіммен құрдас": Тамара Асар күйеуін таныстырды


Әсел екінші күйеуімен заңды түрде некеге тұрмағанын бұған дейін де айтқан болатын. Оған нумерологияға деген сенімі себеп болыпты.

"Енді баланың тегі де Асқар болуы мүмкін. Яғни менің бірінші некемнен қалған, бірінші қайын атамның атын алуы мүмкін. Ант етейін, әдейі жасаған жоқпын", – деп ақталды ол.

Бұдан бөлек, инста-жұлдыз жүктілігіне қарамастан, темекі шегетінін жасырмай айтты.

"13 жылдан бері темекі шегемін. Менің ағзам никотиннің белгілі бір дозасына үйренген. Одан бірден бас тартсам, салдары жақсы болмауы мүмкін. Дәрігермен кеңестім. Ешқандай шектеу жоқ екенін айтты. Ол аз десеңіз, қызыл шарап ішуге кеңес берді. Бірақ ішімдікке теріс көзқарастамын. Оған себеп те бар", – дейді Әсел. 

Айта кетейік, Әсел Асқар жақында екінші күйеуімен ажырасып, жүкті екенін білді. Ол жолдасымен екі жаққа кетуіне қайын атасы мен қайын сіңлісі себеп болғанын айтқан еді.

Талқылау