Ас үй пышағымен өлтірген: Түркістанда қасапшының денесі көше қиылысынан табылды
22 ақпанға қараған түні Түркістанда көше қиылыстарының бірінде пышақ жарақаты бар ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мерт болған ер адам базарда қасапшы болып жұмыс істеген. Күдікті – Түркістан тұрғыны. Ол кінәсін мойындады.
Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы тәркіленді. Белгілі болғандай, ер адамдар арасында ет кесуге қатысты жанжал туындап, нәтижесінде қаскөй пышақ жарақатын салды.
ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі "Кісі өлтіру"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Барлық жағдайлар анықталып, қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған