Артем Захаров тректегі велоспорттан Токио ойындарында 14-ші орын алды
Токио Олимпиадасында тректегі велоспорт додасы жалғасып жатыр. Бүгін омниум бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстан атынан Артем Захаров жарыс жолына шықты. Қатысушылар төрт түрлі бәсекеде бақ сынаған болатын.
Жарыс қорытындысы бойынша Артем Захаров 62 ұпай жинап, 14-ші орын алды.
Ал алтын жүлдені британдық Мэттью Уоллс, күмісті Жаңа Зеландия өкілі Кэмпбелл Стюарт, қоланы италиялық Элиа Вивиани иеленді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған