Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Логика қайда": Тайжан "Самұрық-Қазынадан" "Қазақстан Халқына" қорына ақша бөлу туралы шешімді сынады

Тайжан "Самұрық-Қазынадан" "Қазақстан Халқына" қорына ақша бөлу туралы шешімді сынады. Қазақстан халқына” қоры Мұхтар Тайжанға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұхтар Тайжан

"Болатхан Тайжан Қоры" жеке қорының басшысы Мұхтар Тайжан президенттің "Қазақстан халқына" қорына АО "Самрук-Қазына" кірісінің 7% жұмсау жөніндегі президент ұсынысымен келіспейтінін жариялаған болатын. Мұхтар Тайжанның пікірінше, бұл ақшаны Арт-спорт бағдарламасын қаржыландыруға бағыттаған дұрыс. "Қарапайым логика мен мемлекеттік ойлау қайда?"- деген сұрақ қояды Мұхтар Тайжан.

“Қазақстан Халқына” қоры бұл мәселеге қатысты түсіндірді. 



"Тайжан мырза ақшаны "Қазақстан халқына" жеке қорына аударылатынын ерекше атап өтті. Тайжан мырза қателесіп отыр. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы "Қорлардың түрлері" деп аталады, осы бапқа сәйкес "Қазақстан халқына" қоры жеке қор санатына сай келмейді. "Қазақстан халқына" қоры - мүлкі заңды тұлғалардан – қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардан бір жолғы және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылған қоғамдық қор”, - делінген қордың жауабында. 

Сонымен қатар, қордың жауабында "Қазақстан халқына" қорының қазіргі айналысып жатқан жұмыстары мен жобаларына кеңінен есеп берілген.

"Ал қор саясатына кім ықпал ете алады? Оның жауабы - қоғам, халық. "Қазақстан халқына" қорының немен айналысатыны туралы әрбір азаматтың өз пікірін айтуға мүмкіндігі болуы үшін қор 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күн сайын ұлттық қайырымдылықтың I конференциясының отырыстары мен іс-шараларын өткізеді. Осы конференция шеңберінде барлық облыс орталықтарында, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында жұртшылықпен кездесулер өткізілді, оларға 3000-нан астам адам қатысты. 48 зум-конференция ұйымдастырылып, оған 1100-ден астам үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қатысты, сарапшылармен 5 зум-сессия, оларда 149 адам қатысты сарапшыларға донорлармен 13 терең сұхбат жүргізілді, 1041 ҮЕҰ-мен сауалнама жүргізілді.Бүгінгі таңда "Қазақстан халқына" қоры 13 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасын жүзеге асыруда, олардың ішінде еліміздің 5 өңірінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру үйірмелерін ашу бойынша "Тұсау кесер" жобасы және ауылдық жерлерде 100 спорт залын жабдықтау бойынша жоба бар, олардың 24-і ағымдағы жылы ашылады", - деп жазды қор. 

Оған қоса қор ауылды дамыту бойынша жасалып жатқан істерге тоқталды. Әсіресе мектептерге қолдау көрсетуге қатысты жобалар туралы айтты. 

"Ауыл тұрғындарына жүйелі қолдау көрсету "Қазақстан халқына" қорының көптеген жобаларының негізгі идеясы. Бұл "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту", "Ауыл мектептерінің түлектеріне арналған білім гранттарының бағдарламасы", "Ауылдық мектептер мен моноқалалар мектептерінде робототехника кабинеттерін құру" сияқты жобалар мен бағдарламалар. Қайырымдылық бағдарламалардың негізгі міндеті - ауыл мектептерінің, шағын қалалар мен моноқалалар мектептерінің оқушылары үшін қосымша білім беру мен спортпен шұғылданудың қолжетімді және сапалы ортасын құру. Қазіргі уақытта қор өз жобаларын еліміздің 200-ге жуық ауылында, шағын қалаларда және моноқалаларда жүзеге асырылуда", - дейді "Қазақстан Халқына" қоры.

Талқылау