Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тегін спорт үйірмесі жабылмасын": Нұр-Сұлтанда бір топ ата-ана әкімдік алдында наразылыққа шықты

Елордалық ата-аналар "Арт спорт" платформасын қаржыландыруды тоқтатпасын деген талаппен қалалық әкімшілік алдына жиналды. Наразы топ Алтай Көлгінов мәселені біржақты етпейінше, ғимарат алдында тұрамыз деп бекінген, деп хабарлады "Айбат" жаңалықтар қызметі. 

"Біз әкімшіліктің алдында сағат 3-тен бері тұрмыз. Әкім Көлгінов мырза ата-аналарды қабылдаса екен. "Арт спорт" жабылмасын, ашылсын. Менің аяғым ауыр болса да, келіп тұрмын. Іште емізулі балалармен де ата-аналар келіп тұр. Балалардың болашағына балта шаппасын", - дейді жас ана Тойжан Алшынова.

Тегін спорттық секциялар әсіресе, көпбалалы отбасыларға үлкен көмек еді. Мәселен, Зиуар Жұманова үйдегі 7 баланың бесеуі секцияға баратынын айтады. Егер тегін секцияларды алып тастаса, отбасы оқушылардың секциясына ғана айына 300 мың теңге төлеуі тиіс.



"35-45 мың, мен қайдан төлем жасаймын? Үлкен ұлым 9-сыныпта оқиды, ол секцияға барғалы ашылды. Басқа қырынан өздерінен көрсетіп келе жатыр. Маған тиімдісі осы "Арт Спорт", - дейді көпбалалы әйел. 

Үйірме басшылары мәдениет және спорт министрлігінің өкілдерімен кездескен. Онда министрлік өкілдері бағдарламаға 8 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Алайда бұл қаражат тек қарызды жабуға жетеді екен. Жыл соңына дейін балалар спорт үйірмелеріне еркін қатысуы үшін тағы 30 млрд теңге қаражат керек.

"Спорт басқармасы өтінім береді. Мәслихат қарайды, депутаттар керек деп тапса, ақшаны береді. Оны біз бере алмаймыз", - дейді мәдениет және спорт министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов.

Талқылау