Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртауда" тағы бір жұмысшы қаза тапты

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясында тағы бір жұмысшы қаза тапты – бұл жолы газ қызметкерінің опат болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"8 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық  өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда", –  деп мәлімдеді компания бейсенбіде.

17 желтоқсанда марқұм қырық жасқа толар еді.

Еске салайық, 3 қарашаға қараған түні Шахтинскідегі Ленин атындағы шахтада газ жарылып, салдарынан бес адам қаза тапқан. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, АрселорМиттал Теміртау шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылған.



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, апаттың себептерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауды, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Қайғылы оқиғаға пікір білдірген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев парламент еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы қатаңдатуға дайын екенін айтқан.

23 қарашада үкіметтік комиссия жарылысқа АрселорМиттал Теміртау компаниясының басшылығын кінәлады. Іс бойынша 30-ға қызметкер күдікке ілінген.

23 қарашада үкіметтік комиссия жарылысқа АМТ басшылығын кінәлады. Іс бойынша 30-ға жуық күдікті бар. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, құқық қорғау органдары AMT компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Миттал кінәлі деп тапса, оны жауапкершілікке тартуға құқылы.

29 қарашада Қазақстан билігі үнділік инвесторларға талап қойды.

Талқылау