"АрселорМиттал Теміртау" компания жұмысшыларының қазасына қатысты төрт қызметкердің соты өтті
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бес қызметкеріне қатысты кәсіпорынның төрт қызметкерінің қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл апатқа ғимараттың апатты техникалық жағдайы, аумақты күтіп ұстау және жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер себеп болған. Оқыс оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша ішкі істер органдары "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бүгінгі күні компанияның бес қызметкеріне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, оларға қатысты сот ісі басталып та кетті", - деді Төлеген Оспанқұлов орталық коммуникациялар алаңында.
- Қарағандыдағы "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында жұмысшы қаза тапты
- Зиянды қалдықтар: Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны артуда
Еске салайық, 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бес қызметкері "Құрылысмет" ЖШС цехының шатыры құлап, үйінді астында қалып қойған. Бұл бригада белсенді емес термопеште отқа төзімді кірпішті бөлшектеп жатқанда болған. Оқыс оқиғадан төрт жұмысшы қаза тапты.
Айта кетейік, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының екі басшысы ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған болатын.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді