"Арселор Миттал Теміртау" компаниясына кәсіпкерлерді жылудан заңсыз ажыратқаны үшін айыппұл салынды
Теміртау қаласы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтініші негізінде, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс нәтижесінде, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның тарапынан кәсіпкерлерді Теміртау қаласының жылумен жабдықтау желілерінен заңсыз ажырату бөлігінде бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның өтініші бойынша соттың қарауына берілді.
Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысымен "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-на 5 520 000 (бес миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы соттың қаулысына қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"