Қазақстанға екі жаңа әуе компаниясы ұшпақ

12 маусымнан бастап Арменияның FlyOne Armenia әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді іске қосады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрлігі халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейту және рейстер санын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Осыған байланысты 12 маусымнан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның FlyOne Armenia әуе компаниясы келеді.
13 маусымнан бастап Өзбекстанның My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы Ташкент – Қостанай бағыты бойынша жаңа рейс іске қосады.
Белгілі болғандай, рейс әр сенбі сайын Airbus A320 әуе кемесімен орындалады. Жаңа бағыт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, жолаушылар үшін екі ел арасында қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Әуе тасымалдаушысы Ереван – Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет, яғни дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.
ОқыңызОсылайша Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер саны аптасына 3-тен 5-ке дейін артады.
Жаңа әуе бағытының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін маусым айының басында Азаматтық авиация комитеті Шымкент-Қарағанды, Жезқазған-Қарағанды және Қызылорда-Ақтау бағыттары бойынша субсидияланатын рейстерге қызмет көрсететін әуе компаниясын анықтау үшін қайта конкурс жариялаған еді. Осы бағыттар бойынша рейстерді орындауға ниетті тасымалдаушылардан өтінімдер қабылданып, мемлекеттік қолдау көлемі 672 миллион теңге деп белгіленген еді.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме