Арман мен Аша жеке өміріне қатысты сұрақтың нүктесін қойды
Арман мен Ашаның отбасылық өміріне қатысты ел арасында түрлі қауесет тарады. Жұрт бұл жұпты бірде қосты, бірде ажырастырды. Ақиқаты қайсы?
"Алматы" арнасының Paparazzi бағдарламасында Арман мен Аша жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желідегі жағымсыз пікірлерге Ашаның еті үйренген. Қанша тілдесе де, тележүргізуші ешкімге кек сақтамайды. Қайта бақыт тілейді.
"Бұл бақытсыз адамдардың тірлігі деп ойлаймын. Өзгенің бақытын көре алмайды. Өзгенің отбасында да ұрыс-керіс болсын деген ниетпен әдейі жазады.
Бірақ мен барлығына бақыт тілеймін. Әр адам өзіне жауап берсін. Бізде барлығы жақсы", – деп қысқа қайырды ол.
Ашаның парақшасынан жұрт оның төркініне жиі баратынын байқайды. Ата-анасының үйіндегі әр қуанышты қалт жібермеуге тырысатын бикешті көпшілік осы қылығы үшін де сынға алатын көрінеді.
"Біз барлығын Instagram желісіне салуға міндетті емеспіз деп ойлаймын. Кадрдан тыс өмір, сөз, көз деген бар. Біз отбасымызды одан аулақ ұстағымыз келеді", – дейді Аша.
Сол сияқты Арман да отбасын елдің сөзі мен көзінен қорғағысы келетінін айтты.
"Жеке өмір туралы сұрақ көп қойылады. Мен оған жауап бергім келмейді. Өйткені уақыт келген жоқ, түрлі жағдайлар бар. Бұл – жеке өмірім. Бірақ жалпы барлығы жақсы, Аллаға шүкір", - деді Арман Қоңырбаев.