Арқалықта көл үстіне аударылған ұшақта жүрек миокардымен ауыратын науқас болған
Қостанай облысында су қоймасына қонып, аударылған ұшақ бортында миокард инфарктісімен ауыратын науқас болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: кадрдан скриншот
4 мамырда "Наша Газета" басылымы аймақтың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, 1964 жылы туған науқасты тасымалдау туралы өтініш 3 мамырда, таңертең медициналық авиацияның электронды поштасына түскенін хабарлады.
Екі ұшқыш, дәрігер және фельдшерден құралған бригада науқасты облыстық ауруханаға апаруы керек еді.
"Алдын ала дерек бойынша, ұшу кезінде екпінді жел салдарынан санавиация борты аударылып кетті. Науқас жарақат алмаған, жағдайы қалыпты. Ол Арқалық өңірлік ауруханасына жеткізілді, ем алуын жалғастырып жатыр. Санавиация бригадасы мүшелері жарақат алған жоқ, бірақ аурухананың медициналық қызметкерлері оларды бақылауға алды", – делінген хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында медициналық авиация желісі бойынша авиациялық қызметтерді сатып алу шарты "АК Навигатор" ЖШС-мен жасалғанын айтты.
Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға 3 сәуір күні сағат 16:10-да болған.
“Әуе кемесінің бортында 2 экипаж мүшесі және 3 қызметтік жолаушы болған. Барлық жолаушы мен экипаж мүшесі Қостанай облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментімен Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.