Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының аппеляциялық шағымын сот қанағаттандырмады
Астана қалалық соты экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет Арыстанбек Мұхамедиұлының Instagram парақшасынан алынған
Апелляциялық алқа отырысында сот түсірілген арызға байланысты шешім шығарды.
"Мұхамедиұлының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы заңды күшіне енді. Мұхамедиұлының кінәсі толық дәлелденді. Қорғаушылардың уәждері расталмады. Ақтау негіздері қарастырылмаған. Іс бойынша аудиторлық зерттеу жүргізілді", - деді судья Мұрат Солтыбаев.
Еске салсақ, бұған дейін 8 жылға бас бостандығынан айырылған Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сот үкіміне қарсы шағымданған болатын.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді