Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сотқа апелляциялық шағым түсірді
Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сот үкіміне шағымданды. Іс апелляциялық сатыға жолданады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
фото: cnnindonesia.com
"Бүгінгі таңда Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы үкіміне апелляциялық шағым келтірмеді. Алайда, оның қорғаушысы тарапынан үкімге апелляциялық шағым түсті. Оның негізінде қылмыстық іс заңда көрсетілген мерзімге сәйкес апелляциялық сатыға жолданады", - делінген жауапта.
Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.
Биылғы 20 маусымда сот үкімімен А.Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар оның сыбайластары да сотталды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған