Арыстағы жарылыстан кейін қираған үйлерді салып бітіру әлі бір айға созылады
Арыстың құрылысы тағы біраз айға созылатын түрі бар. Өйткені құрылыс мамандарының тұжырымына келіспеген наразы жұрт жетерлік. Бірі баспанасын қайта тұрғызуды талап етсе, енді бірі жөндеу жұмыстары тым созылып кетті деп отыр деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ең алдымен құрылысқа жауаптылар Арыстағы көп баспана өткен ғасырдың алпысыншы жылдары салынғанын айтады. Жарылыстың зардабы бар, бірақ жөндеу барысында ескіліктен де үгітіліп жатыр деп отыр.
Ал тұрғындар Арыста жарылыс болмағанда ескі үй болса да қауіпсіз еді дейді.
«Күз келе жатыр. Жауын-шашын көп болса, онда бұл үй қысқа жетпей құлап қалуы мүмкін. Сонда мен мынаның барлығын қайда апарамын», – дейді Арыс тұрғыны.
Жалпы құрылыстың бітуі тағы бір айға созылуы мүмкін деп отыр.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар