Арыстағы жарылыс: Прокурор айыпталушыларға ауыр жаза тағайындауды сұрады
Арыстағы жарылысқа қатысы сот процессі аяқталуға жақын. Прокурор 16 айыпталушыға 4 жылдан 10 жылға дейін жаза кесуді сұрады. Бірақ сотталушылардың ешқайсысы кінәсін мойындамай отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Сот процесі Шымкент гарнизоны әскери сотында жабық режимде өтіп жатыр. Былтыр мамырда басталған сот осы аптаның соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Жәбірленушілер саны мың жарым адамнан асса, сотталушылардың барлығы Арыстағы жарылысқа дейін шенді офицер болғандар.
Еске салайық, 2019 жылы 24-маусымда Арыс қаласындағы қару-жарақ сақталған қоймада бірнеше күн қатарынан жарылыс болып, 200-ден астам адам түрлі жарақат алған. Төрт адам мерт болды. Мыңдаған тұрғынның үйі зақымданып, 40 мыңнан астам тұрғын Шымкент пен төңіректегі ауылдарға эвакуацияланған болатын.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"