Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Қазақстан президенті ауруханаға барып, зардап шеккендердің жағдайын білді

Қазақстан презиенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын көріп қайтты.

Арыстағы жарылыс: Қазақстан президенті ауруханаға барып, зардап шеккендердің жағдайын білді

Фото: Аkorda.kz

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жағдайды өз көзімен көру мақсатында Түркістан облысына аттанған болатын. Ел президенті Шымкентте ауруханада жатқандардың халін білді. Президентке науқастардың жағдайы хабарланды. Тоқаев дәрігерлік көмек көрсетуге байланысты тағы қосымша шаралар жасауды табыстап, зардап шеккендерге тезірек айығып кетуін тіледі. 

"Бұл төтеннен келген апат. Бәрін қалпына келтіреміз. Жөндеу жұмысын жасаймыз. Уайымдамаңыздар, қазір шыдау керек. Арыс қаласына барып, жағдайды көріп қайттым. Арнайы тапсырма бердім. Бәрі жақсы болады", - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысымен бірге премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барды. Мән-жайды президентке Өмірзақ Шөкеев баяндап жүрді. 

 

Талқылау