Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері ойнап жатыр деп ойлаған: Қазақстандық актерге түсірілім кезінде «оқ» тиіп кетті

Жақында ғана "Хабар" арнасынан "Дала қырандары" атты әскери ұшқыштар туралы отандық телесериал көрерменге жол тартты. Басты рөлдің бірінде жас актер және модель Ерік Хамидуллаев сомдаған болатын. Түсірілім кезінде басына "оқ" тиіп ауыр жарақат алып қалғаны туралы "Қызық Тімes" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

актер

Түсірілім кезінде басынан жарақат алған ол әлі де болса толық жазыла қоймаған. 

"Әскери жоба болған соң, жасыратын түгі жоқ. Таңқалатын да жағдай емес деп ойлаймын. Түсірілім алаңында Аян Өтепберген екеуміздің сомдап шығатын атыс-шабыс сахнасы болған. Сол кезде сценарий бойынша маған оқ тию керек еді. Менің иығыма қойылған арнайы затқа жасанды оқ тигенде мен артқа құлауым керек болған. Ал Аян сценарий бойынша мені құтқарады. Құлаған жерімнен тартып жатқан кезінде шекеме шынымен оқ тиіп кетеді. Филімде шынайы оқ тиген эпизод сақталған", - дейді Хамидуллаев түсірілім алаңында болған оқиғаны еске алып. 


Тағы оқыңыз

Қазақстандық арулардың жаңа махаббаты: Ерік Хамидуллаев деген кім?


Фильмде бірге ойнаған актер Аян Өтепберген осы бір сахнаны былай еске алады: 

"Оқ шынайы емес. Ол пластмасса оқ, арнайы ішінде жарылатын заты болады. Адам оқ тигеннен кейін айқайлайтын сахна. Құтқарып сүйреп келе жатқанда Ерік айқайлап жатыр. Сосын ішімнен "мына Ерік дегенің күшті ойнайды екен ғой" деп ойлап келе жатырмын. Актерлігіне күмәнім жоқ. Бірақ қатты ойнатып жібереді деп күтпедім. Ерік маңдайын қолымен жауып алған. Бір кезде "стоп" деген дауыс шықты. Қолын ашып қарасам, "фантан" атқылап жатыр", - дейді Аян Өтепберген. 

Айта кетейік, Ерік Хамидуллаев актерліктен бөлек каскадерлікпен де айналысады. Жас актерге тез сауығып кетуін тілейміз. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

СҚО-ның экс-әкімінің інісі жарты миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Істің мән-жайы тексерістен кейін белгілі болады

Қызылорда облысында жол апатына түсіп, қаза болған мұнайшылардың отбасыларына бір миллион теңге берілді

Бұған қоса жәрдемақы жарақат алғандарға да тағайындалған

"Қатты ауырдым. Гормон таблеткаларын іштім": Айдана Меденова мінсіз сұлулыққа қалай қол жеткізгені туралы

"Артық салмақ қосып алдым"

Қарағанды облысында жаппай көліктер соқтығысуда (видео)

Жол оқиғасы көктайғаө пен тұманның кесірінен болған көрінеді

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр