Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері Айқынның әке атанғанын растады

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің ата-ана атанғаны туралы жаңалық жұртты дүр сілкіндірді. Бұған дейін қос өнерпаздың көңіл қосқанына сенер-сенбесін білмеген жұрт бұл жаңалықты естіп тіптен есеңгіреп қалды. Желідегі оқырмандардың бір тобы отбасылы азаматқа ұл тауып берген Жұлдызды сынап жатса, екіншілері бұл ақпарат жалған деп журналистерді қаралап жатыр, деп жазады Stan.kz.

айкын жулдыз нурлан

Алайда Айқын мен Жұлдыздың ата-ана атанғаны шындық. Бұл ақпаратты әншінің әріптестері де растап отыр. Мәселен, аузын ашса жүрегі көрінетін Нұрлан Еспанов 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Айқынның ұлды болғанын растап, әріптесін қуанышымен құттықтады.

“Айқын досымды бүгін құттықтаймын. Айқын өзім жақсы көретін інілерімнің бірі. Нұреке деп хабарласып тұрады, мен жалпы оның адамгершілігін өзім қатты құрметтеймін. Ондай жігіттің ұлы болашақта танымал азамат болады деген сенімдемін. Бүгін құттықтаймын, Құдай қаласа. Айқын, кішкентайың құтты болсын, бауы берік болсын, үлкен азамат болсын”, – дейді Нұрлан Еспанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айқын мен Жұлдыздың ұлды болғанын Stan.kz бірінші болып хабарлаған болатын. Сондай-ақ, сайтымыздың тілшісіне берген сұхбатында Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы әріптесі Жұлдыздың ана атанғанын жақында естігенін айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Мен аз ақша таппаймын: Сиви Махмуди шетелдегі зәулім үйі туралы алғаш рет сыр ашты

Сәкен Майғазиев: мұсылманның өзгеден айырмашылығы – Аллаға ғана тәуелді екенін жүрегімен мойындауы

Ернар Айдар жұбайына естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Есірткі, ішімдік, казино: Зиянды әдетке бой алдырған танымал жұлдыздар (фото)

 

Талқылау