"Әріптесімнің қателігі": Жеңіс Ысқақова Шахизада мен экс-сүйіктісі жайлы дау қалай шыққанын ашып айтты
Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова “Ұйқым келмейді” бағдарламасында өнердегі әріптесі Шахизада мен оның өзінен 18 жас кіші ғашығы туралы дауға қатысты өз шынлығын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Шахизада – менің әріптесім, курстасым. Ерболат – өнердегі інім. Біз бір концертте грим жасайтын бөлмеде отырдық. Ерболат: “Бүгін концерт болып жатыр, апаммен кездестім” деген жазбамен сурет салмақ болып, мені құшақтап суретке түсті. Одан кейін Шахизадамен суретке түсті. Шахизада көңілді адам ғой, Айғайлап күлді де: “Жеңіспен түссең апалы-інілі дер, менімен түссең қосып қояды” деді. Содан мен қалжыңдап: “Соны пайдаланып хайп жасасаңшы. Шахизада оған үйреніп қалған” дедім. Ерболат та іліп алып Шахизадаға ұсыныс тастады. Шахизада келісті. “Қазір хайптың заманы болды ғой. Атың шықпаса жер өрте. Айтылып, айтылып, қалады. Бірақ әйтеуір бір көрініп қаласың ғой” деп күлдім”, – дейді Жеңіс Ысқақова.
Алайда өнер иесі әріптестерінің тарапынан қателік кеткенін мойындады.
“Бірақ сол жерде хайп болып, солай кету керек еді. Оны жалғастырудың керегі жоқ еді. Құшақтасып суретке түсті, хайп болды. Менің құрбымның қателігі бір бағдарламада мұны махаббат қылып ойнатты. Көпшіліктің “алдадың” деп отырғаны да сол. Бұл жерде түсініспеушілік те болды, әріптестерімнің тарапынан қателік те болды. Менің “Астарлы ақиқат” бағдарламасына шақырған болатын. Бірақ менің басқа концертім, түсірілім болғандықтан бара алмадым. Мен барған күннің өзінде : “Мұның бәрі қалжыңнан басталған. Бірақ оны жалғастырып, қайта-қайта сала берудің қажеті жоқ еді” деп айтар едім. Әркімнің өз шындығы бар”, – дейді эстрада жұлдызы.
Бұған дейін Шахизада мен Дина Төлепберген арасындағы дау туралы жазған болатынбыз.